Елордада «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

2022 жылдың 16-23 қыркүйек аралығында елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен жүк тасымалдауын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицейлер көліктік бақылау инспекциясының, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, жолға шығар алдында қалалық және мектеп автобустарының техникалық жағдайын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Бұдан басқа, жүргізушілер мен автобустарды рейс алдында медициналық және техникалық тексеру, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Қоғамдық көлік, оның ішінде автомобиль таксилерді заңсыз қайта жабдықтау тұрғысынан тексеріледі, қоғамдық көлік аялдамаларында және маршруттық автобустар салондарында қалта ұрлығын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы