Елордада автобус парктері 20 жаңа автобус сатып алды

Елорданың жеке автобус парктері жаңа автобустар сатып алуды жалғастыруда, Қытайдың 12 метрлік «HIGER» маркалы 20 жаңа автобустарымен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 15-і № 3 жеке автобус паркімен сатып алынды. Қазір оның 8-і жеткізілді, қалғаны алдағы күндері жеткізіледі.

Ал, 5 автобусты № 7 жеке автобус паркі сатып алды.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында № 3 автобус паркі осындай 21 автобус алды және қазіргі уақытта олар бағдарларда жүр.

Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары бұдан әрі де жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы