Елордада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкеcі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 15-16 ақпан күндері қалалық ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының өндірушілерінің бағасымен көкөніс өнімдері сатылады.Атап айтқанда, қала тұрғындарының картоп, сәбіз, пиязды – 85 тг/кг, қырыққабатты – 100 тг/кг мен сиыр еті – 1800 тг/кг бағасымен сатып алуға мүмкіндігі бар. Айта кетсек, жәрмеңке әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері Қошқарбаев даңғылы 37/1 мекен жайы бойынша "Аспан базар" сауда үйінде өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Исламхан Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді
Өзгелердің жаңалығы