Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр сенбі мен жексенбі күндері елордада жергілікті және ɵңiрлiк тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңке 30 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде ет, сүт, жеміс-көкөніс және балық өнімдерінің үлкен ассортименті, түрлі жармалар мен оның сорттары ұсынылған. Картоп, сәбіз, қырыққабат бағасы 70-тен 90 теңгеге дейін, пияз - 60-70, сиыр еті - 1600, жылқы етi – 1850, алма - 300-400 теңге болады.Жәрмеңкеде республиканың оңтүстік өңірлерінен жеміс-көкөніс өнімдері көп мөлшерде ұсынылды. Сиыр еті мен жылқы еті, құсы еті, сондай-ақ картоп, сәбіз, қырыққабат, сүт және балық өнімдерін елдің солтүстік өңірлерінің тауар өндірушілері жеткізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ИИДМ көлік және автожол саласындағы МЖӘ жобаларын қолдайды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы