Елордада «Automechanika Astana» көрмесі өтіп жатыр

Астанада автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектердің, автокомпоненттердің, көлік жабдықтары мен тауарлардың халықаралық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеге әлемнің 15 елінен 200 компания келген. Әрбір компания өз өнімдерін көрсетіп, автобөлшектердің құрылымымен таныстырды. «Automechanika» әлемдегі ең танымал көрме брендінің бірі. Көрмеде Қытай, Жапония, Ресей, Корея елдерінен шығарылатын автокөлік құрылғылары мен керекті жабдықтарды көруге болады.

Көрменің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысты.

Іс-шараны жыл сайын ұйымдастырамыз. MICE-туризм ол осындай шараларды қолдау арқылы елімізге туристерді шақыру. Бүгінгі көрмеде бірнеше елден қатысушылар келіп жатыр.Қатысуышаларға сәттілік тілеймін, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев.

Көрмеде Эйкос (шиналар), TruckMotors (бөлшектер), Meiji Sangyo Company (автомобиль бөлшектері, майлар және автохимия), Оскар майлары (майлар), Қайнар-аккумулятор (батареялар) сияқты компнаиялардың өнімдерін көруге болады.

Жоғары, дәрежеде өтіп жатқан көрменің ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Астана қаласы мемлекеттік туризм дамыту бағдарламасында бизнес шаралар өтетін MICE-туризм орталығы ретінде бағытталған. Бүгінгі өтіп жатқан көрменің беретін нәтижесі жоғары болсын, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Көрмеде автобөлшектерден бөлек, көліктердің де түр-түрін кездестіруге болады. Келушілер көліктерді тек экспонат ретінде көріп қана қоймай, ашық алаңда жаңа көлік үлгілерін сынап көре алады. Көлікке қызыққан жүргізушілерге Allur қазақстандық автомобиль компаниясы JAC J7, KIA K5, KIA Cerato, Сhevrolet сияқты автомобильдерді ұсынады.

Айта кету керек, көрме 14 сәуірге дейін EXPO көрме орталығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы