Елордада аулада тұрған көлік өртеніп кетті
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға елордадағы Алматы ауданында жеке тұрғын үйдің жанында орын алған.
ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - делінген ведомствоның хабарламасында.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогінің күмісін еншіледі
Өзгелердің жаңалығы