Елордада әуежайдан грэпплингтен әлем чемпионатының жүлдегерлерін қарсы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Мәскеуде өткен грэпплингтен әлем чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Грэпплингтен әлем чемпионаты балалар, жасөспірімдер және ардагерлер арасында өтті.
300-ден аса спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде ел құрамасы командалық есеп бойынша 2-орынды жеңіп алды. Құрама команда қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль.
Қатысушылар әлем чемпионатында аталмыш спорт түрінің грэпплинг No Gi және грэпплинг Gi бөлімдері бойынша бақ сынасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәулен Әшімбаев, Ерлан Тұрғымбаев және Нұржұман Ықтымбаевқа «Барыс» ордені табысталды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы