Елордада ауа райына байланысты электр желілерінде болған ақаулар жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыз күні сағат 12.00-дегі жағдай бойынша «Астана-АЭК» АҚ 10 кВ электр желілерінде 7 технологиялық бұзушылық болды, оның 3-еуі жойылды, қалған жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты «Астана-АЭК» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 19 бригада, арнайы техника жұмылдырылды. Электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгенге дейін жұмыстар тәулік бойы жалғасады.

Электр желісінің ажырау себебі – қысқа тұйықталуға және оның элементтерінің зақымдалуына әкелетін (сымдардың, оқшаулағыштардың, кабельдік желілердің үзілуі) әуе желілеріне бөгде заттардың түсуі. Тұтынушылардың электр қондырғыларында желіні ажыратуға және т.б. әкеп соққан зақымдану болады.

Тұрғындардан қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанына байланысты түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Электр желісі негізінен жеке секторда (Лесозавод, Кирпичный, Өндіріс) ажыратылды. Ақаулар жойылғаннан кейін электрмен жабдықталмаған тұтынушылардың жабдықтарын қосуға өтінімдерді жедел-диспетчерлік қызметтің телефондары бойынша беруге болады:

620 456 немесе +7 705 956 5317 (дауыстық мәзір бойынша 6-позиция);

79 69 44, WhatsApp: +7 701 081 6562;

Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620 468;

Алматы, Есіл аудандары 620 438, WhatsApp +7 778 132 3306.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы