Елордада ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 50-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қоғамдық кеңістіктер дамыту барысында қала тұрғындарының пікірі ескеріледі.

Бүгін де коммуналдық қызметкерлер қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп, қаланың барлық аудандарындағы көшелерді, көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуып жатыр. Коммуналдық қызметкерлер кеуіп қалған бұтақтарды кесуге, гүлзарларды жайластыруға, балалар алаңдарын, шағын сәулет нысандарын және т. б. жөндеуге ерекше көңіл бөледі.
Көктемді көгалдандыру жұмыстарымен  бастап, жарықтандыру тіректерін жөндеумен аяқтаймыз. Барлық қаланы қамтимыз, көшелер әдемі болса, көңіл-күй де көтеріледі. Жұмысты күшейтілген тәртіпте жүргіземіз. Карантин режимі аяқталған соң тұрғындар қала мен табиғаттың сұлулығын тамашалай алады. Қазір ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада гүлзарларды отырғызып бастаймыз. Саябақтарды, скверлерді де абаттандырамыз, - деді "Астана Тазалық" ЖШС учаскесінің бастығы Бауыржан Иргебаев.

Елордада жол жөндеу жұмыстары да басталды. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Осы бағыт бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 21 нысанның құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталады. Жалпы, ел басшылығы бекіткен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша қалада 15 мың жаңа жұмыс орны пайда болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес карантин кезінде жұмыс істеп жатқан коммуналдық қызметкерлерге сыйақы беріледі. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы өсті, сыйақы берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы