Елордада "Ата заңым – айбарым" атты мерекелік концерт өтті
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап "Ата заңым – айбарым" атты мерекелік концерт дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиналған көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары сөз сөйледі.
Бүгінгі мереке-әрбір қазақстандық үшін өте маңызды және мәртебелі күн. Біздің Конституция-қазақ халқының тарихи жеңісін, армандары мен мүдделерін заңды түрде бекіткен, бүкіл әлемге Қазақстан деп аталатын еркін елдің өмір сүруін ашқан беделді құжат. Елорда тұрғындары мен қонақтарына тамаша шығармашылық кеш сыйлай алғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің Конституциямызға бағынып, шындықты айта алатын ұрпақ өссін, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.
Сахнада Қазақстанда дүниеге келген үздік шығармалар орындалды. Олардың қатарында Евгений Брусиловскийдің "Шашу", Нұрғиса Тілендиевтің "Алатау", Алтынбек Қоразбаевтың "Қазақстан" және т.б. бар.
Концерт өте ұнады, ұйымдастыру жоғары деңгейде. Халық әндері мен ностальгия үшін рахмет! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын, баршаңызға денсаулық, бақыт және жұмыста табыс тілеймін, - деді елорда тұрғыны Ләззат Ержанова.
Әртістердің жарқын және әсерлі қойылымдары ешкімді бей-жай қалдырмады. Ал әрбір номер ду қол шапалақпен сүйемелденді.