Елорданың сауда орталығында жиһаз салоны өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Астықжан» сауда орталығында өрт шықты.

2021 жылғы 2 қазанда сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша шықты. Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер «Астықжан» сауда орталығында 3-қабатта жиһаз салоны жанып жатқаны анықталды, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.
Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.


Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер құрамында 76 адам және 19 техника жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда «Тұлпар» сауда үйінен өрт шығып, жоғарғы қабатындағы жиһаз өртенгені хабарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы