18 Желтоқсан 2022 2022, 11:58

Елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі өтеді

Ертең елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ертең елордада Astana Muz Fest 2022 қысқы фестивалі басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада 19-25 желтоқсан күндері Astana Muz Fest 2022 ауқымды қысқы фестивалі өтеді.

Фестивальдің ресми ашылуы 19 желтоқсан күні сағат 18:00-де EXPO көрме орталығының алаңында өтеді. 

Іс-шарада еліміздің басты шыршасы жағылады, қазақстандық әртістер өнер көрсетіп, Аяз Ата мен Ақшақар кештің көркіне айналады. Елорда қонақтары мен тұрғындарына «Ғажайыптар түні» атты ертегі мұз шоуы ұсынылады.