Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-13 қараша аралығында Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен және «Қазмедиа Орталығының» қатысуымен «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету.

Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті тақырыптар талқыланады. Осы жылы ұйымдастырушылардың назары медиасаланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құруға ауып отыр.

Басты тақырыптар: медиаконтентті тұтынудағы жаһандық трендтер; пандемия және БАҚ-қа деген сенімнің дағдарысы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; мультиплатформалық; медиакеңістіктің жаңа көшбасшылары.

AMW қатысуға отандық және шетелдік топ-менеджерлердің өкілдері, жетекші медиагенттіктердің сарапшылары, ірі халықаралық ұйымдар мен шетелдік жоолардың ғалымдары, мемлекеттік сектор мен продакшн-компанияларының өкілдері шықырылған. Олардың арасында:

Роберт Скиннер – БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің бас кеңесшісі; Джавад Моттаги – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының бас хатшысы (ABU); Михаил Зыгарь – журналист, редактор, жазушы; Петр Федоров – Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы (БМТРК) халықаралық қатынастар дирекциясының басшысы;  Михаил Гусман – Ресейдің ТАСС АА бас директорының бірінші орынбасары; Шамиль Садыков - Тат-Медиа бас директоры; Ирина Шихман – «А поговорить?» ютуб-арнасының авторы, сұхбат жүргізуші, журналист; Әлішер Елікбаев – PR-маманы мен әлемнің және Қазақстанның медиа қауымдастығының өзге де сарапшылары бар.

Сонымен қатар Astana Media Week медиапталығының қатысушылары бірқатар онлай–іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады.

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары елшілігінің қолдауымен  журналисттерге арналған воркшоптарды Нью-Йорк киноакадемиясының профессорлары: Билл Айнрайнхофер – америкалық телепродюсер, Америка режиссерлері Гильдиясының мүшесі, Эмми сыйлығының үш дүркін иегері; Евгения Власова – журналист, NYFA оқытушысы жүрігізетін болады.

Өз шеберліктерімен Ресей мен Қазақстанның медиажаттықтырушылары: Андрей Дорожный – дата-журналист және деректерді көрсету жөніндегі маман; Александр Данилов – «Stop Fake» жобасының жетекшісі; Айнур Коскина – журналист, медиажаттықтырушы; Айдос Сарым – саясаттанушы; Дәуіржан Ауғамбай – «Akyl-kenes» журналының баспагері; Жанна Ыбыраева – шешендік өнер бойынша жаттықтырушы; Махаббат Есен - журналист, теле-радио жүргізушісі бөліседі.

Жылсайынға «Контент-маркет» көрмесі медиа саласының қатысушылары үшін алғашқы рет онлай форматта өткізіледі және «көрермендерге» медианарықтағы отандық және халықаралық продакшн-компанияларының ұсыныстарымен жылдам әрі ыңғайлы танысуға; өндірушілерге өз жобаларын әлеуетті сатып алушыларға таныстыруға мүмкіндік береді.

AMW аясында баспа, радио, интернет-журналистика салаларында жеткен жетістіктері үшін алғашқы рет «Үркер» ұлттық сыйлығы табысталады. Жеңімпаздарға дәстүрге сай статуэтка мен 1000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Сыйлықтың табысталу барысын сайттағы онлайн-көрсетілім арқылы тамашалауға болады.

Astana Media Week – бұл қызығушылық танытқан барлық қонақтар қатыса алатын ашық іс-шара. Іс-шараның www.astanamediaweek.kz. ресми сайтында форумның толық бағдарламасымен танысуға және қатысушы ретінде тіркелуге болады. Қатысу тегін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы