Елордада Astana Media Week 2023 апталығы басталды

Астанада күздің басты медиа іс-шарасы Astana Media Week 2023 апталығы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

20-22 қыркүйек күндері Қазмедиа орталығында өтетін іс-шарада "MEDIA POWER: Тенденциялар, өзгерістер, этика" тақырыбында талқылаулар болады. Сондай-ақ, Astana Media Week 2023 шеңберінде цифрлық сауаттылық, деректерді қорғау, əлеуметтік желілердегі этика тақырыптары қаралады. 

Сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа өлшемдер мен жарнама тақырыбын, жалған ақпаратты таратуға жəне жарнамадағы манипуляцияларға қатысты мəселелерді талқылайды. 

Одан бөлек, «КОНТЕНТ-МАРКЕТ» көрмесі өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы