Елордада Astana Media Week – 2021 апталығы басталды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Astana Media Week – 2021» апталығы басталды.

Форум 27-28 қыркүйекте онлайн режимеде өтеді.

AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді. Іс-шараға беделді әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналисттер, документалистер және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева форумның ашылуында сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығын түсіндірді.

«Astana Media Weeк» - бұл ауқымды жоба. 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жоба тұрақты диалог алаңына айналып үлгерді. Ол ақпарат саласындағы өзекті, өткір тақырыптарды талқылайтын пікір алаңы. Осы уақыт аралығында министрлік республикалық және өңірлік БАҚ пен мемлекеттік орган өкілдеріне арналған 40-тан астам семинар, тренинг өткізді, - деді министр. 

Айтуынша, AMW-2021 аясында еліміздің 250-ден астам ұздік спикерлерімен, Ресей, АҚШ, Норвегия, Сауд Арабиясы, Австралия сияқты шет елдердің үздік мамандары дәріс оқыды.

Биыл да осы дәстүрлі жалғастырып отырмыз, - деп айтты Балаева. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы