Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталады

15 сәуірде елордада "Astana Bike" велопрокатының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15 сәуір күні таңғы сағат 09:00-де елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы ашылады.

Билет сатып алу және велосипедтерді жалға алу басталғаннан кейін бірден қолжетімді болады. Абонементті тіркеуге және сатып алуға, сондай-ақ велопрокат бойынша барлық қажетті ақпаратты сайттан білуге болады www.velobike.kz.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы