Елордада әскери патриоттардың форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Егемен ел ертеңі - жас сарбаз» I республикалық жас патриоттар форумы өтті.

Форумның басты мақсаты - жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру. Форумға республиканың өзге өңірлерінің жас сарбаздары онлайн форматта қатысты.


Форум барысында «Жас сарбаз» қозғалысының Жамбыл облысы бойынша филиал төрағасы Ұлан Абдисамат қызметтің жауапты әрі маңызды екенін бірден ұғынағнанын айтады.


Қазақ халқы «Баланы бастан» деп бекер айтпаса керек. Жас болсам да, орда бұзар азаматтардың қатарынан табылып, өзіме артқан міндетті абыроймен атқарып жатқан қызметім жеткілікті түрде абыройлы деп есептеймін. Себебі жасап жатқан қызметіміз еліміздің болашағына айналатын жас ұрпаққа тікелей әсер етеді. Жастардың бойында патриоттық сезімді оятуды қалыптастыру – аса жауапты іс, - деді ол.







Ал Алматы облысы Жібек жолы ауылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Али Досман 5 жасынан бастап халықаралық жарыстарға қатысып, әлемдік деңгейдегі додалардан қалмайды.






Мен де ел ағалары сияқты әлемдік ареналарға жетуді армандаймын. Жас сарбаздардың «Қажымұқан күші» қойылымын көрсеткім келеді, - деді ол.




Форум аясында онлайн-форматтағы VII Республикалық «Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар заманауи технологиялық, құнды сыйлықтарға ие болды.


2021 жылғы «Айбын» жиынының және әскери-патриоттық тәрбие бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша облысқа немесе Республикалық маңызы бар қалаға «Патриоттар мекені» ауыспалы кубогы табысталды.



Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан, Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю. Ильин, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының еліміздің барлық аймақтарынан тәрбиеленушілері қатысты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы