Елордада аса құнды құжаттың көшірмесі көпшілік назарына ұсынылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік архивінде «Рухани жаңғыру: ашық қоғамға - ашық архив» деген атпен семинар және көрме ұйымдастырылуда. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп Facebook-тегі парақшасына жазды. 

«Барлығы 53 дана аса құнды құжаттың көшірмесі көпшілік назарына ұсынылған. Көрмеге Ахмет Байтұрсыновтың, Тұрар Рысқұловтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сәбит Мұқановтың хаттары, латын қарпіне көшу жұмыстары жайлы материалдар, кейбір тарихи тұлғалардың фотолары мен жеке парақтары қойылған», - деп жазды ол.


Семинар барысында архив құжаттарын цифрландыру, тарихи деректерді айналымға енгізу, бүгінгі архив саласындағы өзекті мәселелер талқыланып жатыр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы