Елордада Арқарлы және Ойыл көшелері жөндеу жұмыстары кезінде ішінара жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Арқарлы және Ойыл көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 19 мамыры мен 7 маусым аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Чехоев көшесінен Көксеңгір көшесіне дейінгі учаскеде Арқарлы көшесі бойынша, сондай-ақ Арқарлы көшесінен қоғамдық көлікке арналған бұрылу алаңына дейінгі учаскеде Ойыл көшесі бойынша автокөлік үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғындар полицияға 115 атыс қаруы мен 1 граната тапсырды
Өзгелердің жаңалығы