Елордада ардагерлерге арналған орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің ата-әжелеріміздің өтініші бойынша Достық көшесіндегі 13 үйде ардагерлер орталығы ашылды, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында.

Әлеуметтік нысандарды барлық жас санаттарын ескере отырып ашамыз. Аға буын орталықта спортпен тегін шұғылдана алады. Үстел ойындары да қарастырылды. Орталықта компьютерлік кабинеттер мен акт залы бар. Мұндай орталықтар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға, басқа адамдармен араласуға көмектеседі, - деп жазды ол.


Әкім мәліметіне сүйенсек, сонымен қатар, төрт елді-мекенде (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный) ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізіліп жатыр. Онда спортпен шұғылдануға арналған кабинеттерден басқа қарт адамдарға арналған тақырыптық клубтар, ХҚКО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері және т.б. орналасады.


Елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында дамытудамыз. Бұл аудандар полиорталықты және кез-келген жастағы тұрғындардың мүдделері/қажеттіктері ескеріледі, - деді Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы