Елордада қар тазалау жұмыстарына 1 657 жұмысшы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 362 техника бірлігі мен 1 657 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түні  қар тазалау жұмыстарына  1 289 техника бірлігі мен 142 жол жұмысшылары тартылып, 21 350 текше метр қар шығарылды (1780 рейс). Қыс басталғалы бері барлығы 276 478  рейс жасалып, 3 352 872 текше метр қар полигондарға төгілді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы