Елордада Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қаныш Сәтбаевтың, ал Павлодарда Абай мен Естайдың ескерткіштері орнатылады.


Павлодарлық белгілі мүсіншілер, суретшілер, археологтар, мемлекеттік қызметкершілерден тұратын сарапшылардың назарына еліміздің атақты мүсіншілерінен 28 жоба ұсынылды. Олардың қатарында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және тіпті Мәскеуден келген шеберлер бар. Жұмыс авторларына қойылатын басты талаптардың ішінде - тарихи тұлғалардың ауқымын: Қаныш Сәтбаевтың Отанына шексіз сүйіспеншілік, Абай Құнанбаевтың философиялық ойының тереңдігі және Естай Беркімбаевтың жанының лирикасын көрсету, - деп жазды Павлодар қаласының әкімдігі Facebook-тегі парақшасына.

Кездесу қорытындысы бойынша болашақ монументтер жобаларының үздік нұсқалары іріктелді. Енді олар "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясының" қарауына берілетін болады.







Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы