Елордада алтыншы веломаусым басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық веложарыс жүйесінде қосымша тарифтік жоспарлар іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше жылдан бері велосипедтерді автоматты жалға беру жүйесі жұмыс істейді. Astana Bike ақпараты бойынша, жобаның маңызды мақсаттарының бірі – қала тұрғындары мен туристерге қозғалыс үшін қолжетімді көлік ұсыну. 1 мамырдан бастап Astana Bike жобасы алтыншы веломаусымды іске қосты. Тұрақты пайдаланушылардың көптеген өтініштері бойынша қосымша тарифтік жоспарлар әзірленді.

Енді абонементті бір айға, үш айға және бір жылға сатып алуға болады.  1 ай - 2 500 теңге; 3 ай (тоқсандық) - 6 000 теңге; 1 жыл - 10 000 теңге. Өзгерістер сондай-ақ SMS тарифтеріне де қатысты. 1 күн (тәулік) - 3 500 теңге; 3 күн - 9 000 теңге; 7 күн/апта - 17 500 теңге

«Карточкалық тарифтердің икемді жүйесі қала тұрғындарына абоненттерді белгілі бір мерзімдерге ғана сатып алуға мүмкіндік береді. SMS-қолжетімділік тарифі Нұр-Сұлтан қаласына конференциялар, көрмелер мен демалуға келген адамдар үшін ыңғайлы болады», – дейді қоғамдық қордың атқарушы директоры Алмагүл Қасымова. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы