Елордада алғаш рет ұйымдастырылған жыл бойғы жәрмеңке күн сайын жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордат әкімдігі «СПК-Астана» АҚ-мен бірлесіп, алғаш рет ұйымдастырған жыл бойғы жәрмеңке күн сайын жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сөрелерде сапалы өнімдердің кең ассортименті ұсынылған, олардың арасында сүт және қышқыл сүт өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және көкөніс өнімдері бар.

Жәрмеңкеге Ақмола облысы мен көршілес облыстардың кәсіпкерлері, шаруалары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып тұрады. Елорда мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары тауарларды 10-20 пайызға арзандатылған бағамен сатып ала алады. Сондай-ақ, мұнда сауда алаңдары наурыз айының соңына дейін тегін беріледі, ал ары қарай төмендетілген мөлшерлеме қолданылады. Жеңілдікті төлемнен түскен қаражат коммуналдық төлемдерді төлеуге жұмсалады.

Орындарды алу үшін кәсіпкерлер «СПК-Астана» АҚ-ға 8 747 810 35 07 телефоны арқылы (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін) хабарласа алады.

Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Арнасай көшесі 109 мекен-жайында өтеді.

Оған мынадай бағыттағы автобустар қатынайды: 10, 12, 51.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы