Елордада әлемдік дін өкілдері ағаш отырғызды

Елордада делагация өкілдері жаңа «Бейбітшілік және Келісім» саябағына ағаш отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ағаш отырғызуға көмектесу үшін еріктілер мен арнайы жұмыс тобы келді. Делегация өкілдерінен 60 адам келді. 

Іс- шараға Мәулен Әшімбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. 

Мәулен Әшімбаев саябақтың жобасын таныстыра отырып, қонақтарға өз алғысын білдірді.  

Саябаққа делегация өкілдері 60 түп ағаш отырғызды. Саябақтың топырағы қатты болғандықтан, ағаш отырғызылатын төңірекке арнайы топырақ төгілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы