Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Алаш тас жолындағы көпір күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді.
Көпір апатты деп танылған. Көпірдің бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді, атап айтқанда жол өтпесінің авариялық бөлігін бөлшектеу. Жоба бойынша 140 метр көпір салынды. Сонымен қатар, көпірдің екі жағынан 700 метрден асфальт төселді. Сондай-ақ, металл эстакаданың жүру бөлігі жөнделді, – дейді геодезия саласының маманы Алинұр Әбілмажан.
Елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, 6 шілде, Астана күніне орай кезекте тұрғандарға, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілттері табысталды. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік нысандар мен 100-ге жуық аула және қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы аяқталуда, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейсенбіге арналған күн райының болжамы
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы