Елордада әл-Фарабидің ескерткіші ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Әбу Насыр әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының алдында ғұламаның ескерткіші ашылды.

Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші қола мен гранит материалдарынан жасалған. Ал жалпы биіктігі 9,5 метрді құрайды.

 

Ескерткіштің авторлары - А.Бүркітбаев, Д.Сарбасов, К.Бегулиев, А.Токбаев, Д.Усенбаев.

Салтанатты іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, зиялы қауым өкілдері қатысты.


Ескерткіштің ашылуында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ілтипат гүлін қойды.


Былтыр күллі түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы