Елордада әдепсіз контент түсірген жастар қамауға алынды
Полиция өкілдері интернеттегі танымалдылыққа ұмтылу қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзуға себеп болмауы керектігін еске салды.
Астанада әлеуметтік желіге жариялау мақсатында әдепке қайшы әрекет жасаған екі жас әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елордалық полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қала саябақтарының біріндегі қоғамдық дәретханада түсірілген бейнежазба анықталған. Видеодағы контент авторы мен оған қатысушы 20 және 22 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды.
Тергеу барысында олардың әлеуметтік желіде қаралым жинау мақсатында әдейі қоғамдық орынның әдеп нормаларын елемегені анықталған.
Сот шешімімен екі азамат та әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция өкілдері интернеттегі танымалдылыққа ұмтылу қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзуға себеп болмауы керектігін еске салды.