Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №38 мектеп – лицейінде білім ордасының құрылғанына 20 жыл толуы қарсаңында, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ақын, кемеңгер ойшыл, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай танымдық кездесу өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кештің қадірлі қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Абайтану ғылыми-танымдық орталығының директоры, Абайтанушы - Алмахан Мұхаметқалиқызы болды.Кеш қонақтары ақынның балалық шағына саяхаттап, ақындық өнерге келу жолымен таныс болды. Айта кетерлігі, ақынның өлең жинақтары, «Шәкәрім», «Қан мен тек» поэмалары бар.
Әдеби танымдық кеште оқушылар ақынның шығармашылығымен танысып, оның өлеңдерін оқыды. Алмахан Мұхаметқалиқызы Абай шығармашылығын насихаттап, 18 жыл Семейдегі Абай мұражайында қызмет еткен.
«Абай есімі тек әдебиетке ғана қатысты емес, Абай арқылы жаратылыстану, математика, химия, физика пәндерін де оқытуға болады», - деді ол оқушылармен кездесуінде.
Әдеби-танымдық кеште Ұлы ақын Абайдың «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы», «Ойға түстім, ой салдым», «Қалың елім , қазағым, қайран жұртым» және өлеңдері оқылды.
Сондай-ақ, мектеп қабырғасында "20 жылдыққа 20 ағаш" акциясы бойынша мектеп ауласына 5-8 сыныптың үздік әрі белсенді оқушылары ағаш отырғызды.
Сондай-ақ, мектеп қабырғасында "20 жылдыққа 20 ағаш" акциясы бойынша мектеп ауласына 5-8 сыныптың үздік әрі белсенді оқушылары ағаш отырғызды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Қытайдың Қарулы күштері "түлкі ауламақ"
Өзгелердің жаңалығы