Кеше 2026, 22:53
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Елордада Абай даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі
Қала билігі жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Астана қаласында Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі Абай даңғылы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты 14-20 сәуір аралығында аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Қала билігі жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды. Сондай-ақ баламалы бағыттарды пайдалану ұсынылады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарау сұралады.