Елордада «Абаттандыру апталығы» өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Нұр-Сұлтанда шілденің 22-28 аралығында «Абаттандыру апталығы» жедел алдын алу іс шарасын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Жедел алдын-алу іс шарасының негізгі мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және жол қауіпсіздігін қамтамасыздандыру болып табылады.
Жедел алдын алу іс шарасының бір күндік қорытындысы бойынша 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
«Белгіленбеген орында, яғни Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында зәр-нәжіс суын төккен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды»,- делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда «Парыз-2019» байқауына өтініш қабылдау басталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы