Елордада АӘК алатын азаматтарға азық-түлік жиынтығы берілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық АӘК алатын отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер беріле бастады. Мемлекет тарапынан тоқсан сайын жасалатын көмекке көпбалалы аналар алғысын білдірді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Азық-түлік жиынтығын алғандардың бірі Самал Мұсаеваның айтуынша, әлеуметтік пакет әрбір отбасының қаржысын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді. 
 

Сәуір айынан бастап АӘК алып жатырмын. Өте бір жақсы көмек деп есептеймін. Әлбетте, бұл пакет әрбір отбасының қаржысын үнемдеуге көмектеседі. Май, ботқа секілді күнделікті балалардың жейтін тамағы да бар, - дейді ол. 
 

Көпбалалы ана Мөлдір Өмірбекова мен Алмагүл Ілиянова мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау шарасына ризашылығын білдірді. 
 

Бүгін әлеуметтік пакет алдым. Екі бірдей қорап толы азық-түлік берілді. Мемлекет көпбалалы отбасыларды назарынан тыс қалдырмай, көмек көрсететініне алғысым шексіз, - дейді көпбалалы ана Мөлдір Өмірбекова. 
 

Бүгін бірінші рет алып отырмын. Ішінде әлі не бар екенін көрген жоқпыз. Балаларға қажет дәрумендер, өзіміздің отандық өнімдер барын айтты. Қай жағынан болсын, бүкіл аналардың көңілін аулап, осылай назар аударып отырғаны үшін алғысымыз шексіз, - дейді Алмагүл Ілиянова. 
 

Айта кетсек, әлеуметтік көмекпен 4,4 мыңнан аса баланы қамту жоспарланған. 



 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы