Елордада 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «Саяжай» жедел-алдын алу шарасын жүргізіп, нәтижесінде 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Балалардың қараусыз жүруінің алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді оқыту және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі «Саяжай» жедел-алдын алу шарасын өткізді. Шараға түрлі ведомстволардың 50-ден астам өкілі жұмылдырылды. Жедел-алдын алу шарасы кезінде Полиция департаменітінің аумақтық бөліміне 80-ге жуық кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Сондай-ақ 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген таратылған ақпаратта.Олар - ата-аналар мен заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін толық орындамай, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнге уақытта ойын-сауық орталықтарына баруына және жекелеген қоғамдық жерлерде темекі тартуына жол бергендері үшін жауапқа тартылды. Бұған қоса, төрт кәмелетке толмаған бала өмірі қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс төрағасы ресейлік әріптесімен кездесті
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы