Елордада 80-ге жуық лифтті ауыстыру қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үйлерді тапсыру кезінде құрылыс салушылар лифтілерді орнатпаған. Сонымен қатар өрт дабылы жүйесі де ойластырылмаған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының қалалық филиалының алаңында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.


Мәселен, "Медина" ТК, "Талапкер" ТК, "Экодом" ТК-дері. 20 көппәтерлі тұрғын үйде 74 лифт жұмыс істемейді. 

"Лифттерді тексеру кезінде 80 лифтті ауыстыру қажет екендігі анықталды. Сонымен қатар тариф пайдалану шығындарымен қоса күрделі жөндеу жұмыстарын да өтей алатындығы анықталды. "Экодом" тұрғын үйі-8 қабатты, былтыр пайдалануға берілді. Алайда үйдің лифттері іске қосылмаған. Бұл тұрғындар үшін қолайсыз. Тағы бір мәселе – өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауы. Үйлер өрт сөндіру шкафтарымен жабдықталмаған, өрт дабылының ақаулары бар", - деді Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық айтылған мәселелер бойынша жұмыс жасу қажеттігін атап өтті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы