Елордада 8-9 маусымда Астана Халықаралық форумы өтеді
2023 жылы 8-9 маусым аралығында елордада Астана Халықаралық форумы өтеді. Форум «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықаралық іс-шара аса маңызды жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу. Осы мақсатта әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру, – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Форумға қатысатын құрметті қонақтар тізімі:
- шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Катар Мемлекетінің Әмірі
- Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті
- Желка Цвиянович, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы
- Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры
- Одре Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры (ЮНЕСКО)
- Армида Алисжахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы
- Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры
- Мирослав Анича, БҰҰ-ның Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік және Оңтүстік Америка істері жөніндегі Бас хатшысының саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің (ДПВМ) көмекшісі
- Ивана Живкович, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған аймақтық бюроның Бас хатшысының көмекшісі, әкімшісінің көмекшісі және директоры
- Хельга Шмид, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы
- Маргарета Седерфельт, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы
- Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы
- Одиль Рено-Бассо, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті
- Масацугу Асакава, Азия даму банкінің президенті (АДБ)
- Сухайл Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі
- Януш Войцеховский, еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары
- Мулату Тешоме мырза, Эфиопияның бұрынғы президенті
- Ласина Зербо мырза, Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі
- Томас Гремингер, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы
- Даниэл Ергин, S&P Global төрағасының орынбасары
- Рае Квон Чунг, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климаттың өзгеруі жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.
Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді.
Формуда талқыланатын мәселелер:
- сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;
- халықаралық даму және тұрақтылық;
- энергетика және климаттың өзгеруі;
- экономика және қаржы.
40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN. ҚР Үкіметі ұйымдастырған Форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.