Елордада 700 оқушы "Мен қазақпын" әнін шырқады

Астана қаласындағы №29 орта мектебінің 700 оқушысы ұстаздармен қосылып “Мен қазақпын” әнін хормен орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тәуелсіздік күніне орай оқушылардың патриоттылық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл челлендж республиканың басқа қалаларындағы оқушыларға жолданды.

Білім басқармасының мәліметінше, елордалық оқушылар хормен ән айтуды әр мерекеде дәстүрге айналдырып, ұлттық әндерді шырқап келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының білім басқармасы
Өзгелердің жаңалығы