Елордада 7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен жылғы цифрландыру нәтижелері белгілі болды. 2020 жылы елорданы «Ақылды қалаға» айналдыруға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
Мәселен, өткен жылы мемлекеттік қызметтің 100%-ы онлайн форматқа ауыстырылды, ал «iQala» орталығы тәулік бойғы режимде 151 қызметті тікелей ұсынады. Қазіргі уақытта қала әкімдігі 159 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2020 жылы 7 млн-ға жуық қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 млн-нан астамы – электрондық форматта.
Сондай-ақ, әкімнің тапсырмасына сәйкес елорда әкімдігі жанынан цифрландыру бойынша IT-кеңес құрылды, оның аясында халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту үшін IT-шешімдер енгізілді.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында 2020 жылы «Қауіпсіз қала» пилоттық жобасы іске қосылды. Бүгінде пилоттық жоба іске асырылу сатысында тұр.
Айта кету керек, 2020 жылдың негізгі нәтижелерінің бірі – Нұр-Сұлтанның зияткерлік көлік жүйесі IDC халықаралық компаниясының нұсқасы бойынша Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болды.
2021 жылға қаланы цифрлық жаңғырту бойынша бірқатар стратегиялық міндеттер белгіленді.
1. Әкімдіктің IT-архитектурасын әзірлеу. Сәулет цифрлық трансформацияны жүргізу және әкімдік қызметі үшін мемлекеттік органды ақпараттандырудың ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасын қамтитын болады.
2. Тұрғынның бірыңғай картасы жобасын іске асыру әлеуметтік салаға бағытталған бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, жеңілдіктер алушы көлік, дәріханалар, дүкендер, ТКШ, мектептер, балабақшалар санаттары бойынша белгілі бір қызметтерге ақы төлей алады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, әртүрлі басқару органдарының автоматтандырылған жүйелерінің интеграциясы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, телекоммуникация желілерін және басқа да ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болады.
4. «Ақылды шлагбаум» жобасын дамыту.
2020 жылы бірнеше пилоттық жоба іске қосылды, олардың бірі – «Ақылды шлагбаум» жобасы. Шлагбаумға орнатылған жүйе тәуліктің кез келген уақытында жедел жәрдем және басқа да жедел әрекет ету қызметтері үшін шлагбаумдардың автоматты түрде ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл осы бағыт бойынша жұмыстар жалғасатын болады.