24 Мамыр 2019, 15:30
Елордада 7 автокөлік жол апатына ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жеті көлік соқтығысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жеті көлік соқтығысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елжан Чупековтің мәліметінше, жүк көлігінің тізгінінде жас жігіт отырған.
Қазіргі уақытта полицейлер оның жол апатына ұшырауына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезінгендіктен осындай жағдай орын алған болуы мүмкін.
«Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы түсініксіз. Ол адаммен сөйлеспейді. Оның ешқандай дене жарақаты жоқ. Көлік кабинасы бүтін. Кабина ішінде соғылмаған», - деді Елжан Чупеков
Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
"Жүк көлігінің жүргізушісі сағат 11.30-да "Газель" маркалы көліктің жүргізушісімен, артынша бағдаршамның қызыл түсіне тұрған тағы бес көлікпен соқтығысып қалған. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына қашықтық пен жылдамдық ережелерін сақтамау себеп болған", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
- Астанада қамыс арасында қалып қойған ер адам құтқарылды 08:11
- Қазақстанның сегіз боксшысы U19 Азия чемпионатының жартылай финалына өтті 07:48
- Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісті: Иран жаңа шектеу енгізді 07:14
- Қазақстанда АҚШ университетімен бірлескен бағдарламаның алғашқы түлектері оқуын аяқтады 06:35
- Семейде бір түнде 96 құқық бұзушылық анықталды 05:18
- Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталды 04:27
- Маңғыстауда кейбір ағаш түрлері экожүйеге қауіп төндіріп отыр 03:40