Елордада № 60 автобус жаңа көпір арқылы жүреді

19 тамыздан бастап № 60 бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

City Transportation Systems мәліметінше, тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көліктік қызметті жақсарту мақсатында, 19 тамыздан бастап № 60 бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады. Осылайша, сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады.

Бағдар қозғалысы келесідей: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Ж. Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін.

Бағдардың сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: t.me/myastanacity
Өзгелердің жаңалығы