Елордада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындалу және өткізу барысы туралы  өткен жиында Астана қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, халықаралық байқаушылар және т.б. қатысып жатыр.

Барлығы 407 сайлау учаскесі бар. Оның 68-і Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқан. Халықтың көп болуына байланысты Астанада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Бүгінгі таңда 20 қараша күні  768 мыңнан астам сайлаушыны учаскелерге келеді деп күтіп отырмыз, - деді Астана қаласы Сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда сайлау учаскелерінде дайындық барысы толық аяқталуға жақын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы