Елордада 56 теңгелік масканы қай дәріханадан табуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш президент қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска жіберді. Қала әкімдігі "СҚ-Фармация" компаниясымен бірлесе маска мен антисептиктерді жеткізу бойынша мәселені дистрибьюторлармен ұзақмерзімді негізде жолға қойды, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Құны 56 теңгеге бекітілген маскаларды келесі мекенжайлардағы дәріханалардан алуға болады:
"Хан Шатыр","Азия парк" СОО, "Мәскеу" БО, "Хайвилл","Нұрсая","13 магистраль","7Я"," Лазурный квартал", "Променад Экспо" ТК, №10 емхана, "Аружан" СОО, "Экспо Плаза" ТК, "Триумфальная арка"ТК, Бараева, Сармат-1, Достар-3, Империал, Иманбаева 8, №6 емхана,"7 континент" ТК, "Визит" ТК, "Қайнар" БО, Тұран 55, Магнум (Алаш ш 23/1) және т.б.
Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық маска жеткізілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, дәріханаларда бір адамға 5 маскадан артық берілмейді. Медицина, полиция, әлеуметтік және қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметкерлері медициналық маскамен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.