Елордада 56 мердігерлік ұйымға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладан қоқысты уақытылы әкетпегені үшін 56 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жалпы сомасы 2 млн 175 мың теңге айыппұл арқалады. Сонымен қатар 64 мүлік иелері бірлестіктеріне, қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес аумақтарын тиісінше тазаламағаны үшін 1 млн 545 мың теңге айыппұл салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы