Елордада 5000-ға жуық жасыл желек отырғызылады

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сенбілік кезінде мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жиналған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 500 000 шаршы метрді құрады.

Экологиялық айлықтың басынан бері өткізіліп келе жатқан сенбіліктерде барлығы 5000-нан астам жасыл желек отырғызылып отыр.

Сондай-ақ, Елорданың ҚТҚ полигонына 2500 тоннадан астам қоқыс шығарылғаны мәлім болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы