Елордада 5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордада қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады elorda.info.

«Біздің басқармада қазіргі уақытта 64 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Осы  жылдың І жартыжылдығы бойынша 74 405 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда 205 199 қызмет артығымен көрсетілді. Сондай-ақ, биыл 156 адамға әлеуметтік қолдау көрсету жоспарлануда. Ол мақсатқа бюджеттен 16,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 8,9 млрд теңгесІ әлеуметтік төлемдерге, 3,3 млрд теңге еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға және 3,7 млрд теңге мекемелерді қамтамасыз етуге, сол сияқты 500 млн теңге қажетті аппарат алуға, жөндеу жұмыстары мен кеңсе тауарларына жұмсалуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина мәслихат отырысында.

Басқарма басшысының дерегінше, осы жылы 5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болды.

 

«Биыл елордалықтарға әлеуметтік төлемақыны төлеу формасы өзгерді. Жыл басынан бері 5669 отбасыға атаулы әлеуметтік төлем жүргізілді. Сонымен қатар, әрбір отбасының табысын тексеруді жоспарлап отырмыз.  Сонда жәрдемақыны шын мәнінде алуы тиіс отбасыларды нақты анықтау мүмкіндігі туады», - деді ол.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы