Елордада 5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 67 мыңнан астам пәтерге барды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында 7 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін елордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 67 мыңнан астам пәтер, 9 мыңнан астам жеке үй мен 2,6 мың саяжайға барды. Базарларда, сауда үйлерінде, техникалық қызмет көрсету стансаларында және азық-түлік емес тауарлар сатылатын басқа жерлерде шамамен 1340 рейд жүргізілді, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Жедел алдын алу шарасы кезінде 4879 азамат түрлі заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 426 адам қоғамдық орындарды ластанғаны үшін, 673 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін, сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін 53 адам ұсталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы