Елордада 5 баласынан айырылған отбасы сәбилі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арада бір жыл өткеннен кейін 5 баласынан айырылған Евгений мен Жанымгүл балалы болды. Бұл қуанышты хабарды журналист Ерқанат Көпжасар Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

Қуанышты хабар! 5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты. Жаратқан бір ауыртпалықтың артынан екі жақсылық жібереді,- деді ол.
Желі қолданушылары Ситердің отбасын сәбилі болуымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. 

Еске сала кетейік, елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасын ғана емес, дүйім жұрттың да қабырғасын қайыстырды. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы