Елордада 4 науқастың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы корона төрт науқастың жағдайы ауыр деп отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылған коронавирус жұқпасы бар 61 науқастың төртеуінің жағдайы ауыр. Олардан тыныс жетіспеушілігі бар пневмония расталды, - деді Қисықова брифингте.
Оның айтуынша, басқа науқастардың дене қызуы тұрақты. Ал карантинде 80 бала жатыр екен.
26 наурыздағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауруханада 1 156 адам, оның ішінде 80 бала бар. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның 61 жағдайы тіркелді,- деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні таңертең коронавируспен ауыратындар саны бірден 21 адамға көбейді, оның ішінде 15 науқас Нұр-Сұлтан қаласында, алтауы Алматыда тіркелген. Осы қалалардан басқа, коронавирус Қарағанды, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде "Стоп-коронавирус" байқауы өтеді
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы