Елордада 4 үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше тұрғын үй кешенінің төрт кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы хабарлады.
2 мамыр күні қаладағы әртүрлі тұрғын үй кешенінің төрт кіреберісі карантинге алынды, оның ішінде "Номад" ТК-де бар. Үйдің кіреберістеріне дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға далаға шығуға тыйым салынған, олар үй карантинінде болады. Бұл подъездерге бөгде адамдардың кіруіне де жол жоқ,-делінген хабарламада.
Карантинге жабылған аумақ ескерту белгілерімен қоршалған және полицейлер күзетіп жүр.
Үйдің кіреберістері қаланың санитар дәрігерінің қаулысына сай карантинге жабылды. Бұл шараның барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр,-делінген хабарламада.
Қала билігінің мәліметінше, қазіргі таңда 21 подъезд карантинге жабылған.