Елордада 349 жаяу жүргінші айыппұл арқалады

Елордалық полицейлер «Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тәртіпке бағынбайтын жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және скутер мен мопедке ерекше назар аударылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары алғашқы күні-ақ мыңнан аса заңбұзушылықтың алдын алды. Көлікті мас күйінде басқарған 29 жүргізуші ұсталды. 

Сондай-ақ апаттық жағдай жасаған 34, жол үстінде телефон пайдаланған 95, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 158, бағдаршамның қызыл түсінен өткен 41 жүргізуші анықталды. 

Скутер мен мопед жүргізушілеріне 81 хаттама толтырылды. 300-ден аса жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы