Елордада №34 автобус қозғалысы уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №34 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыөзен көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №34 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. 

«Бағдар Мойылды көшесі арқылы қатынайтын болады. Бағдарлардың қозғалыс кестесінің өзгерістері туралы ақпаратты alrt.kz ресми сайтынан және Facebook және Instagram әлеуметтік желілердегі парақшалардан таба аласыздар», - делінген компанияның хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы